• Поделиться

Ерлан Досымбеков, EY компаниясының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы басқарушы партнеры

EY - Біздің Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесіміз1992 жылы EY компаниясы Қазақстанда халықаралық аудиторлық және кеңес беру компанияларының арасында алғашқысы болып жұмыс істей бастады. Біз ел дамуының әр сатысында, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен және экономикалық реформалар бағытын жүргізуден бастап бірге болдық. Біз кейінгі жылдары да мемлекетіміздің табысты дамуына үлесімізді қосуды жалғастырамыз деп үміттенеміз.

EY компаниясы елге реформалардың жүргізілуіне қолдау көрсете отырып, бизнес пен мемлекет арасындағы диалогқа белсенді ат салысып келеді. Біз Қазақстандағы іскерлік және инвестициялық ортаны жетілдіруге, кадр әлеуетін іске асыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және тұрақты әрі гүлденетін қоғамның құрылуына ықпалдасуға бағытталған бастамаларымыз туралы баян ету мүмкіндігінің бар екендігіне қуаныштымыз.

Қазақстан, 25 жыл үшiн рақмет!

Биыл біз Қазақстандағы өз қызметіміздің жиырма бес жылдығын атап өтеміз және кейінгі жылдары да елдің табысты дамуына өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз.

EY Қазақстан Республикасының іскерлік, әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің ашылуына ықпалдасады. Біз ел мұқтаждығын ескере отырып іскерлік ортаның дамуы үшін өзіміздің бірегей тәжірибеміз бен білімімізді қолданамыз.